Фото: ҚР МАМ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейханның дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша халқына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Гүлзира Бөкейхан қазақтың дәстүрлі ән өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан дара талант иесі болды. Ол халықтық және кәсіби композиторлардың таңдаулы туындыларын жоғары шеберлікпен орындап, ұлттық мәдени мұрамызды кеңінен насихаттады. Сонымен қатар көне халық әндерін жаңғыртып, сирек музыкалық мұраларды заманауи өңдеумен сахнаға алып шықты.
Өнер иесі Астана мемлекеттік филармониясында және Президенттік мәдениет орталығында қызмет етіп, саналы ғұмырын қазақ өнерінің абыройын асқақтатуға арнады.
Ұлттық мәдениетке өлшеусіз еңбек сіңірген абзал жанның жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын.
