Фото: Pexels.com
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауына сәйкес, Қазақстан ана өлімін азайту қарқыны бойынша әлемдегі үздік 10 елдің қатарына енді, деп хабарлайды Ult.kz.
Кейінгі 10 жылда бұл көрсеткіш тұрақты түрде төмендеп, 2024 жылы 100 000 тірі туған сәбиге шаққанда 10,1 жағдайды құрады. Бұл жетістікке 25 жаңа клиникалық хаттаманы енгізу, 40-тан астам жетекші маман қатысатын телемедициналық консультациялар және асқынған жағдайлар бойынша республикалық және өңірлік сараптамалық кеңестер құру сияқты кешенді шаралардың нәтижесінде жетті.
Павлодар, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2024 жылы бірде-бір ана өлімі тіркелмегенін атап өткен жөн. Ал білікті медицина қызметкерлерінің қатысқан босандыру үлесі 99,9%-ға жетті. Бұл елімізде ана мен бала денсаулығын қорғау ісінде жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін айқын көрсетеді.