12 шіл, 2025 сағат 12:39

Джастин Бибер әлеуметтік желіде Қазақстанның табиғатын көрсетті


Instagram/lilbieber


Танымал әнші Джастин Бибер Instagram-да Қазақстандағы Боқты тауының суретін бөлісті.


Канадалық әнші Джастин Бибер Instagram-Stories-інде Қазақстандағы ең ерекше табиғи нысандардың бірі - халық арасында "Тирамису" деп аталып кеткен Боқты тауының суреттерін бөлісті.


Lada.kz мәліметінше, Бибер бұл суреттерді @earthbestshots парақшасынан репост жасаған. Суреттердің авторы - танымал пейзаж фотографы Даниэль Кордан (@danielkordan).


Боқты тауы Үстірт қорығында орналасқан. Биіктігі - шамамен 165 метр. Әсіресе, күн шыққанда және батқанда қызғылт-сары түске боялатын қабат-қабат жартасы ерекше әсер қалдырады.


Әлемдік жұлдыздың Stories-нан кейін желі қолданушылары таңданысын жасырмады:


"Бибер біздің табиғаттың суретін бөлісті дегенге сенесіз бе?" – деп жазды Instagram қолданушыларының бірі.

Жергілікті тұрғындар мұны "өңірге жасалған үлкен жарнама" деп бағалап жатыр.