22 мам, 2025 сағат 14:18

Дженнифер Лопестің екінші концертіне қатысты үлкен мәселе туды


Фото: ашық дереккөзден

Дженнифер Лопестің 10 тамызға жоспарланған Алматыдағы екінші концертіне қатысты дау туындады, деп хабарлайды Ult.kz.

Күні кеше әлемдік жұлдыздың Алматының орталық стадионында өнер көрсететіні ресми түрде хабарланғанымен, бұл жоспарға «Қайрат» футбол клубы өз талаптарын білдірді. Клуб өкілдерінің айтуынша, концерт өтеді деп белгіленген күні — 10 тамызда — «Қайрат» пен «Жеңіс» командалары арасында ресми матч жоспарланған. Оған қоса, 7 және 12 тамызда «Қайрат» еурокубок ойындарына қатысады.

"2025 жылғы 10 тамызда Алматы қаласының Орталық стадионында концерт өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдастырушылардың парақшаларында пайда болған хабарламаларға байланысты «Қайрат» ФК аталған күннің клубпен келісілмегенін түсіндіру қажет деп санайды", - деп жазылған футбол клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.


«Қайраттың» мәлімдеуінше 2025 жылғы 16 мамырда «Қайрат» ФК Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясынан Орталық стадионды мәдени шараға алдын ала брондау туралы ресми хабарлама алды. Жауап ретінде ресми хатта (20.05.2025 жылғы шығыс № 994-03101) клуб ҚР Чемпионаты Премьер-лигасының бекітілген спорттық күнтізбесіне, сондай-ақ «Қайрат» футбол клубының еурокубок аясындағы халықаралық міндеттемелеріне байланысты көрсетілген мерзімде стадионды пайдалануға болмайтынын хабарлады.


"Республикалық жарыс күнтізбесіне енген «Қайрат» ФК — «Жеңіс» ФК ресми матчы 9 немесе 10 тамызда стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады. Бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды", -деп отыр клуб.


Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Қайрат» ФК ресми түрде дәлелді бас тарту жіберілген күні концерт өткізетіні туралы жария хабарландыруға таңғалғанын жеткізді дейді қайраттықтар.

"Клуб мәдени бастамаларды құрметтейді әрі диалогқа ашық. Біз Орталық стадионды пайдалану кестесін әзірлеуде барлық мүдделі тараптың одан әрі сындарлы өзара әрекетін күтеміз", -деп сөзін қорытындылады.