14 мам, 2025 сағат 11:28

Екібастұзда 100 жыл бұрын жерленген мажарлық соғыс тұтқындарының зираты табылды

Фото: Kazinform

Археологтар «Богатырь» көмір кенішінен Азаматтық соғыс кезеңіндегі мажар әскери тұтқындарының жерленген орындарын тапты — алдын ала мәліметтер бойынша, тұтқындар 1918 жылы жерленген, деп хабарлайды Ult.kz Kazinform ХАА сілтеме жасап.

Олар Екібастұзға мәжбүрлі еңбекке жіберілген және шахталарда қаза тапқан.

Бұл жерде 30-ға жуық қабір бар, кейбірінің бетінде оқылатын жазулар сақталған. Көмір өндіру уақытша тоқтатылып, тарихи маңыздылығын сақтау үшін шаралар қабылданды. Археологтар Венгрия елшілігімен байланыс орнатып жатыр.

Фото: Kazinform

Қазақстандағы Венгрия елшісі Будапешт өздерінің ғылыми және мұрағаттық институттарын қаза тапқандардың аты-жөндерін анықтап, мүмкін болса, олардың ұрпақтарын табуға жұмылдырғанын мәлімдеді.

Бұл Қазақстан аумағында Австро-Венгрия империясының құлау кезеңіндегі мажар тұтқындарына қатысты табылған алғашқы осындай жаңалық.