12 жел, 2025 сағат 11:51

Елде бала сату, "элиталық эскорт" сынды ірі қылмыстар әшкереленді

Қазақстанда әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы қажет топтарды, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді де қамтыған қылмыстық әрекеттер ашылды. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

Адам саудасына қатысты бірқатар ауыр қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп, жалпы 39 факт тіркелген, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты болған.

"Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактісіне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді. Ұйымдастырушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген. Ұйымдастырушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Астанада азаматтарды сексуалдық мақсатта пайдалануға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

"Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында "элиталық эскорт" ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылды. Олар түнгі клубтар мен барларға жас қыздарды тартып, жеңгетайлықпен айналысқан. Қылмыстық істер сотқа жіберілді. Сонымен қатар Алматы мен Астана қалаларының түнгі ойын-сауық орындарында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілді", - деп хабарлайды ІІМ.