Фото: Freepik
Қазақстанда 100 жасқа толған және одан асқан 448 адам өмір сүруде. Олардың ішінде ең қарт қазақстандық – Ұлытау облысының тұрғыны, биыл 115 жасқа толған, деп хабарлайды Ult.kz.
Ұзақ жасаушылардың ең көп шоғырланған өңірі – Алматы қаласы. Мұнда 100 жастан асқан 58 тұрғын бар. Екінші орында – Түркістан облысы (53 адам), үшінші орында – Алматы облысы (37 адам).
Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне:
-
Ұлытау облысының тұрғыны – 115 жас,
-
Павлодар облысының тұрғыны – 113 жас,
-
Жамбыл облысының тұрғыны – 110 жас кірді.
Еске салайық, жыл сайын 1 қазанда әлемде, соның ішінде Қазақстанда да Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл күнді 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған.
Мерекенің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың еңбегін құрметтеу, олардың қоғамдағы орнын дәріптеу және өмір сапасын жақсартуға назар аудару.
