26 қаз, 2019 сағат 07:03

Еңбек кітапшасы электрондық түрге ауысады

Елімізде Еңбек кітапшасы электрондық түрге ауысады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бұл туралы «eGov.kz порталындағы жеке кабинетке «Еңбек қызметі» деген атаумен жаңа бөлім қосылғанын хабарлады. Енді «Электрондық үкімет» порталының пайдаланушылары жұмыс беруші мен оның арасында жасалған барлық еңбек шарттарын көру мүмкіндігіне ие болды» деп жазды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

Ақпарат - жеке кабинеттегі «Еңбек қызметі» бөлімінде қолжетімді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ААЖ Еңбек шарттары бойынша деректер беретін ақпараттық жүйе болып табылады. Яғни, пайдаланушы осы ақпараттық жүйеден тартылатын мәліметтерді ғана көре алады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда еңбек кітапшасы алынып тасталып, оның орнына электронды еңбек келісімшартына өту көзделген.