Фото: ашық дереккөз
Пилоттық жоба жедел жәрдем қызметінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бастама Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, Yandex Qazaqstan, IT Space және 7Generation компанияларының серіктестігімен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Ult.kz.
1-санаттағы яғни ең шұғыл шақырту тіркелгеннен кейін өтінім берушінің телефонына интерактивті картаның сілтемесі бар SMS-хабарлама жіберіледі. Пайдаланушы сілтемеге өтіп, жедел жәрдем бригадасының қозғалысын онлайн бақылай алады.
Жаңа жүйе Астана қаласында тіркелген кейбір 1-санаттағы жедел шақыртулар үшін қолжетімді. Алдағы уақытта барлық санаттағы шақыртуларды қамту және аталған цифрлық сервисті еліміздің өзге өңірлерінде енгізу жоспарланған.