Фото: Pexels.com
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов хабарлады.
«Енді бетінде туа біткен ақауы бар балалар — ірі гемангиомалар, тамырлық мальформациялар және басқа да айқын бұзылыстары барлар — реконструктивті-косметикалық оталарды мемлекет есебінен ала алады», – деді депутат.
Бұған дейін мұндай оталар эстетикалық деп саналып, мемлекет тарапынан қаржыландырылмаған еді.
Енді мемлекет олардың құнын өтеп, балалардың денсаулығын қалпына келтіруге және өмір сапасын арттыруға көмектесетін болады.
