24 қар, 2025 сағат 12:42

Ерке Есмахан оқырмандарынан сүйінші сұрады


Фото: instagram

Танымал әнші Ерке Есмахан мен сүйікті жары Райм ұлдары Исламның туған күнін ерекше атап өтіп, әлеуметтік желіде жүрекжарды сәттерін жариялады, деп жазады Ult.kz.

Ерке Есмахан бұл қуанышты күнді Instagram парақшасына жүктеп, баласының өсіп, ер жетіп келе жатқанына ана ретінде шаттығын бөлісті.

Әншінің айтуынша, биыл олар мерекені үйде, тек ең жақын адамдардың ортасында өткізуді дұрыс деп шешкен.

“Бастысы — баланың көңілі көтеріңкі болып, қасында өзін жақсы көретін жандары тұрса жеткілікті”, — деп жазды ол.


Жарияланған фото мен видеоларда кішкентай Исламның ата-әжесі, кіндік шешесі, туыстары және тіпті күтушілерінің тартуларын шаттана ашып, таңырқап, мәз-мейрам болып жүрген сәттері байқалады.

Желі қолданушылары да жұптың баласына ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеп, ақ тілектерін жолдап жатыр. Көптеген жанкүйерлер Ерке мен Раймның отбасы құндылығын жоғары қойып, перзентінің қуанышын қарапайым әрі жылы атмосферада атап өткенін үлгі ретінде бағалап жатқандарын жазуда.