03 қаз, 2025 сағат 16:32

"Еркек болсаң шық": Гүлбану Әбенова депутат Назаровты жекпе-жекке шақырды

Фото: коллаж Ult.kz

Журналист Гүлбану Әбенова депутат әрі спортшы Ардақ Назаровты ММА ережесі бойынша ашық жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол өз жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Әбенова бұл жекпе-жекті тікелей эфирде өткізуді ұсынып отыр. Оның айтуынша, «октагон» ретінде эфир алаңы таңдалмақ.

«Сіз халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет. Тікелей эфирде білім, еңбек жолы, өмірбаяныңыз туралы сұрақтарыма ашық жауап беріңіз. Қолғаптың орнына дипломдарыңызды, студент кезіңіздегі суреттеріңізді, курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды алып келіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін», — деді журналист.


Гүлбану Әбенова бұл айқасты «шындық, әділет пен ақиқат үшін күрес» деп атап, халықтың сенімі Назаровтың жұдырығында тұрса, оның қаламында тұрғанын айтты. 

Сондай-ақ ол Ардақ Назаровты «ер азамат болсаңыз, октагонға шығып, халық алдындағы ашықтықты дәлелдеңіз» деп ашық шақырды.