Фото: telegram/Криминальный Казахстан
Түркістан облысында жаңа жыл түні 18 жастағы студент қаза тапты, деп хабарлайды Ult.kz Криминальный Казахстан телеграм арнасына сілтеме жасап.
Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында болған жарылыс пен одан кейінгі өрт салдарынан аталған мекеменің 18 жастағы қызметкері көз жұмды. Қайғылы оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні болған.
Марқұмның жақындарының айтуынша, мекемеде газдың иісі шығып тұрғаны туралы ескертулерге қарамастан қызды жұмыстан босатпаған. Айтуларында қауіп бар екенін бірнеше адам хабарлаған. Белгілі болғандай, ол бұл жұмысқа небәрі бір ай бұрын орналасқан. Сарқұм жоғары оқу орнының екінші курс студенті болған.
Жарылыс салдарынан тағы төрт адам жарақат алып, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Қаза тапқан қыздың туыстары кінәлілерді қатаң жазалауды талап етуде. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
