29 қар, 2025 сағат 12:09

Гонконгтегі өртте қаза тапқан әр адамның отбасына 200 мың гонконг доллары беріледі

Фото: Getty Images

Бұл туралы South China Morning Post хабарлады. Агенттік мәліметіне сәйкес,  қаза тапқандарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

«Зардап шеккендерге 50 мың гонконг доллары (6,4 мың доллар) көлемінде жәрдемақы төленеді. Бұл – бұған дейін уәде етілген 10 мың гонконг долларына (1,3 мың доллар) қосымша қаражат. Әр отбасыға әлеуметтік қызметкер бекітіліп, тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектеседі. Зардап шеккендерге уақытша баспана тегін беріледі», - делінген хабарламада.


Бұған дейін Гонконгтағы өрттен 94 адам қаза тауып, тағы 279 тұрғын жоғалып кеткен деп хабарланған. 

4600 адам тұратын сегіз ғимараттан тұратын кешенде өрт сәрсенбі күні тұтанған. Жөндеу жүріп жатқан мұнаралардың сырты бамбуктан жасалған саты мен жасыл торлармен жабылған. Полицияның айтуынша, дәл осы материалдар жалынның өте жылдам таралуына себеп болған. 

Трагедияға байланысты үш адам ұсталды. Олардың қай құрылыс компаниясына тиесілі екені әзірге жарияланған жоқ.

Айта кетейік, өрт сәрсенбі күні Тай По ауданындағы Wang Fuk Court атты сегіз көпқабатты тұрғын үй кешенінде шығып, жеті үйді жалын шарпыған болатын