01 қар, 2025 сағат 12:42

Ішімдік ішкен жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұшақтан түсірілді


Фото: Polisia.kz


Ақтөбе – Алматы бағытындағы әуе рейсінде екі жолаушы масаң күйде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұшақтан түсірілді, деп хабарлайды Polisia.kz.


Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері әуе кемелерінде 508 құқық бұзушылық тіркелген. Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар:


алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру – 313 факт,
ұшақ бортында темекі шегу – 131 факт,
ұсақ бұзақылық – 32 факт,
басқа да құқық бұзушылықтар.



Ақтөбе әуежайында болған оқиғада рейске тіркеу кезінде 33 және 51 жастағы екі Алматы тұрғыны масаң күйде болып, агрессивті мінез танытып, балағат сөздер айтқаны анықталды. Көліктегі полиция оларды қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартты. Ұсақ бұзақылық бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.


Көліктегі полиция азаматтарды әуе кемелерінде және қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін бұзбауға шақырады.