19 қаң, 2026 сағат 12:01

Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып, соқтығысты: 20-дан астам адам қаза тапты

Фото: Avesta.tj

Испанияның оңтүстігіндегі Кордова провинциясында екі жүрдек пойыздың соқтығысуы салдарынан 20-дан астам адам қаза тауып, шамамен 100 адам жарақат алды, деп хабарлайды Ult.kz.

Апат Адамус елді мекенінің маңында болған. Оқиға кезінде пойыздарда шамамен 400 жолаушы болған.

RTVE мәліметінше, 24 адам қаза болған, 100-ге жуық адам жараланған, олардың 15-інің жағдайы ауыр. Қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін.

Теміржол инфрақұрылымының операторы Adif хабарлағандай, Малагадан Мадридке бағыт алған кешкі пойыз рельстен шығып, Мадридтен Уэльваға бет алған пойызға соғылған. Куәгерлердің айтуынша, алғашқы пойыздың бір вагоны толығымен аударылып кеткен.