Фото: ашық дереккөз
Алдын ала мәлімет бойынша, олар улы газға уланған. Қайғылы оқиға «Қарағанды су» компаниясында болған. Қаза тапқандар – 29 және 46 жастағы жұмысшылар, деп хабарлайды Ult.kz.
Полиция еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды.
Компания қаза тапқандардың қызмет бабында болғанын растады. Қазір комиссия мен еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп жатыр.
