Фото: Muftyat.kz
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми сайтында хабарлады.
Исламда дипфейк технологияларын пайдалануға болмайды.
Діни басқарманың жазуынша, Deepfake технологиясы арқылы адамның шын мәнінде айтпаған сөздерін айтқандай немесе істемеген іс-әрекеттерін істегендей етіп жасау, жалған ақпарат тарату, шариғат бойынша қатаң тыйым салынады. Мұндай жалған ақпарат тарату ел тыныштығын бұзып, қоғам ішінде іріткі тудырады. Алдын алмаса, салдары елдің ынтымақ-бірлігіне сызат түсіріп, қоғамға залалын тигізеді.
Яғни, шариғат бойынша тиым салынған.
Бұған дейін де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Deep Nostalgia технологиясын пайдалануға шектеу қойған.
Дипфейк — жасанды интеллект көмегімен нақты бір адамның бейнесін, дауысын немесе іс-қимылын шынайы етіп қолдан жасап шығаратын технология.
