02 жел, 2025 сағат 12:04

Қазақстанда «00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болады» деген ақпарат жоққа шығарылды

Фото: Drive2.ru

Әлеуметтік желілерде түнгі уақытта рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағатқа дейін көбейеді деген хабарлама тарап жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ведомствоның түсіндіруінше, елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін бекітілген стандартты жылдамдық бұрынғысынша өзгеріссіз — 60 км/сағат. Жол қозғалысын бақылау камералары жылдамдық 70 км/сағаттан асқан кезде ғана тіркей бастайды.

ІІМ азаматтарды тексерілмеген мәліметтерге сенбеуге, тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды. Сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап, қозғалыс кезінде барынша мұқият болу қажеттігін ескертті.