07 ақп, 2025 сағат 16:15

Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз АПВ-ға қарсы екпе алды

Фото: Pexels.com

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы иммундау науқаны басталғаннан бері Қазақстанда 116,5 мыңнан астам қыз егілді. Вакцинациялаудан кейін егілгендердің арасында жағымсыз жанама әсерлер тіркелмеген, деп хабарлайды Ult.kz.

  • - Жоғары қауіпті онкогенді 16, 18 АПВ түрлері негізінен жатыр мойны обырын (ЖМО) тудырады. 
  • - АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры дамуының алдын алады.

АПВ - әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмір бойы АПВ-ны жұқтырады. 

Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 2 мыңға жуық жағдайы анықталады. 

АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың ұлттық бағдарламасы 135 елде жоспарлы негізде енгізілді. Мысалы, Шотландияда АПВ-дан вакцинациялауды енгізер алдында 20 жастағы қыздарға жаппай скрининг жүргізілді, олардың 30%-ы 16 және 18 жасында адам паппиомасы вирусының онкогендік типтерін жұқтырған. 

АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізгеннен кейін 7 жыл өткен соң, қыздардың келесі буыны арасында АПВ-ның таралуы 4,5%-ға дейін қысқарды.