07 там, 2025 сағат 11:57

Қазақстанда 1949–2010 жылдары туғандарға 70 000 теңге төленеді деген ақпарат жалған — министрлік ескертеді

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан «1949–2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 000 теңге аударылады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы уәкілетті мемлекеттік орган ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Таратылып жатқан хабарламада күмәнді сілтемеге өту ұсынылып, сол арқылы ақша алуға болады делінген. Алайда мұндай әлеуметтік көмек түрі мемлекет тарапынан қарастырылмаған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сілтемелер алаяқтар тарапынан азаматтардың жеке деректерін жинау үшін жасалған болуы мүмкін.

Мемлекеттен берілетін ресми әлеуметтік төлемдер мен көмек туралы нақты ақпарат тек 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар арқылы хабарланады. Сондықтан азаматтарға беймәлім дереккөздерге сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге кеңес беріледі.

Сондай-ақ, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескерткен ведомство азаматтарды тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.