Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулары бар әйелдерге арналған медициналық көмек көрсету жүйесі жаңғыртылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Енді «Әйелдер консультациясы» бөлімшелері медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде көрсетілетін амбулаториялық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіріліп, жұмысын қайта бастайды.
Бастама мақсаты – еліміздегі әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
Жаңартылған консультациялық құрылым аясында ашылатын бағыттар:
-
Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары
-
Отбасын жоспарлау орталықтары
-
Жүктілікті үзу кабинеттері
-
Жоғары қауіп тобына жататын және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді бақылау кабинеттері (мультидисциплинарлық топ қатысуымен)
-
Репродуктолог және балалар гинекологы кабинеттері
Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықованың айтуынша, жаңартылған бөлімшелер емханалар базасында құрылып, әйелдердің қажетті көмекке жедел әрі сапалы қол жеткізуіне жол ашады.
