Фото: Getty Images
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мұрағат ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Аталған заңға сәйкес, Қазақстан аумағында ЛГБТ-ны насихаттауға ресми түрде тыйым салынды. Құжат нормалары қоғамдық кеңістікте, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері мен онлайн-платформалар арқылы таратылатын контентке қатысты қолданылады.
Еске сала кетейік, 18 желтоқсанда Сенат заңға енгізілген түзетулерді екінші оқылымда мақұлдаған болатын. Құжатты таныстыру барысында бұл шаралар балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау мақсатында қабылданғаны айтылды. Атап айтқанда, педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты шектеу көзделген.
Заң мәтіні ресми басылымдарда жарияланады.
