16 қыр, 2025 сағат 14:57

Қазақстанда некеге мәжбүрлеп, қыз алып қашқандар 10 жылға дейін сотталады

Фото: Baq.kz

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды Ult.kz.

«Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы «Некеге мәжбүрлеу» енгізілді. Енді бұл әрекет қылмыстық құқықбұзушылық ретінде қарастырылады. Некеге мәжбүрлегені үшін айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыс, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - делінген хабарламада.


Қылмыстың мән-жайына байланысты 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Сондай-ақ 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылады.

Егер мұндай әрекет абайсызда ауыр зардаптарға әкелсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Ал егер мәжбүрлеу зорлық-зомбылықпен, кәмелетке толмағандарға қатысты, адамдар тобымен немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасалса, бұдан да қатаң жаза қарастырылған.

Сондай-ақ сталкинг пен дропперлік қылмыс ретінде қаралады.