Фото: ҚР ОАМ
Қазақстанда субсидияларды жымқыру фактілерінен кейін жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Оқу-ағарту министрлігі енді жеке мектептерге лицензия тек оқушы орындары жетіспейтін өңірлерде ғана береді, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова болашақта жеке мектептер тек нақты қажеттілік бар өңірлерде ғана ашылатынын айтты. Лицензиялар тек үш ауысымды мектептерді, апатты жағдайдағы мектептерді алмастыру қажет болған жағдайда және мемлекеттік мектептері жетіспейтін өңірлерде беріледі.
Сондай-ақ заңнама аясында жеке мектептердің құрылтайшыларына қойылатын талаптар да күшейтіледі.
"Олар білім сапасы, мұғалімдердің біліктілік деңгейі және оқушылардың қауіпсіздігі үшін жауапты болады. Сондай-ақ мектеп директорларын тағайындау тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Болашақта тағайындау туралы шешімдер тек құрылтайшылардың қарауына ғана емес, салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімі ескеріле отырып қабылданады", — деп мәлімдеді министрлік.
Ведомство мәліметінше, қазір Қазақстанда лицензиясы бар 890 жеке меншік мектеп жұмыс істейді. Үкімет жаңа ашылатын жеке мектептерде мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мораторий енгізуді жоспарлап отыр.
