02 жел, 2025 сағат 11:49

Қазақстаннан барған ерлі-зайыптылар Сиднейдегі казинода миллион доллар алдап ұтқан

Фото: Криминальный Казахстан

36 жастағы Дилноза Исраилова мен оның 44 жастағы күйеуі Алишериходжа Исраилов жасырын камера мен арнайы құлаққаптарды пайдаланып, Crown Sydney казиносында 1,18 миллион доллардан астам қаржыны алдап ұтты деген айыпқа ілінді. Бұл туралы Криминальный Казахстан телеграм арнасына сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.

Ерлі-зайыптылар 2025 жылдың қазанында Қазақстаннан Сиднейге келген. Сол күні-ақ олар Crown казиносының мүшелік картасын рәсімдеген. Қазан-қараша айларында олар казиноға бірнеше рет барып, жалпы сомасы 1,18 млн доллар ұтқан. Тұрақты ірі ұтыстар казино әкімшілігінің күдігін тудырған.

27 қарашада казино қызметкерлері әйелдің Микки Маус бейнеленген жейдесінен шағын жасырын камераны байқап, полиция шақырған. Дилноза Исраилова мен оның күйеуі сол жерде ұсталды.

Тергеушілердің мәліметінше, ерлі-зайыптылардан магниттік датчиктер, батареялар және ойын үстелдерін жасырын түсіруге мүмкіндік беретін арнайы бекітпесі бар телефон тәркіленген. Полиция сонымен бірге телефонға арналған қолдан жасалған айнаша қондырманы да тапқан.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты полициясының нұсқасы бойынша, олардың схемасы былай жұмыс істеген: телефондар ойын үстеліндегі карталарды түсіріп тұрған, ал құлақ жолының ішіне жасырылған көзге көрінбейтін құлаққаптар арқылы олар қандай ставка жасау керегін айтып отырған.

Казиноға жақын жердегі олардың тұрған үйін тінту кезінде полиция басқа да құмар ойын жабдықтарын, қымбат әшекейлерді және 2000 еуро қолма-қол ақшаны тапты.

Жұма күні ерлі-зайыптыларға бұлтартпау шарасын анықтау үшін сотқа жеткізілді. Олар кепілмен босатуды сұрамады және қамауда қалдырылды. Дилноза Исраилова ақпанда қайта сотқа келеді, ал Алишериходжа Исраилов 11 желтоқсанда Дауннинг орталығы сотына жеткізілмек.