09 нау, 2025 сағат 15:33

Қазақстанның қай өңірінде әйелдер көп тұрады?

Фото: Pexels.com

Қазақстандағы әйелдер саны - 10 381 377, бұл - еліміздегі жалпы халық санының 51,1%-ы, деп хабарлайды Ult.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кейінгі он жылда әйелдер саны 15,2%-ға өсті. Әйелдердің 64,4%-ы қалада, 35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады.

Өңірлер бойынша статистика қандай?

Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді: мұнда 1,2 млн әйел тұрады.

Екінші орында Түркістан облысы тұр, мұнда 1 млн әйел тұрады.

Үшінші орында 803 мың аруы бар Астана тұр.

Кейінгі он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған: 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға, Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.

Айта кетейік, Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы - 34,1 жас. Сонымен қатар, бүгінде 4,4 млн әйел әртүрлі cалада жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.