Фото: ТЖМ
Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Оқиға 19 қаңтар күні сағат 17:45 шамасында Ақтөбе облысында болған. Жарылыстан жас шамасы 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам зардап шеккен. Олар аудан ауруханасына жеткізілген.
«Бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, оның денесінің 20 пайызына дейін күйік шалған. Қалған төртеуі травматология бөлімшесіне жатқызылды», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Аzattyq радиосы жазуынша, ғимарат ішіндегі су ысытатын газ жабдығы жарылған. Салдарынан ғимараттың бір бөлігі қираған. Жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.
