Фото: ашық дереккөз
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) азаматтар арасында алаяқтықтың жаңа түрлері көбейіп бара жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Ult.kz.
Алаяқтар оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерде тексеріс жүргізіліп жатқаны туралы жалған хабарламалар таратып, құжаттарды талап етіп, «ынтымақтастыққа» шақырады. Сенім ұялату үшін олар жалған мөрлер басылған, агенттіктің логотипі қойылған бланкілерді пайдаланады.
Кейін өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырған қаскөйлер азаматтарға хабарласып, банк шоттары туралы ақпаратты алдап алуға тырысады. Сондай-ақ мессенджерлер арқылы «сіз тексеріліп жатқан тұлғалар тізімінде барсыз» деп хабарлап, ақша бопсалау деректері де тіркелген.
Шағымдарда жиі кездесетін тектер: Мыктыбаев, Хамзин, Жалимов, Жалимбетов.
ҚМА ресми түрде мәлімдеді:
-
мұндай тексерістер жүргізілмейді;
-
телефон арқылы жеке деректер сұралмайды;
-
азаматтардан ақша талап етілмейді;
-
агенттік тек заң аясында ғана әрекет етеді.
Агенттік қазақстандықтарды алаяқтарға алданып қалмауға, күмәнді жағдай туындаса 1458 Call-орталығына немесе +7 (727) 279-20-86 нөміріне дереу хабарласуға шақырады.
