Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 3500 отбасына қажетті азық-түлік себеттерін таратты деп хабарлайды Ult.kz.
«Осыған байланысты біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай қасиетті Рамазан айынан бастап еліміз бойынша «35 мың азық-түлік себетін тарату» акциясын қолға алдық. Игі жоба жыл бойы жалғасады. Қайырымдылық акция аясында мұқтаж жандарға тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі» -деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы .
ҚМДБ таратқан ақпарат бойынша Діни басқарманың 35 жылдығына және Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында 3500 отбасыға қажетті азық-түлік себеттері таратылды. Айта кетейік, қайырымдылық марафоны жыл соңына дейін жалғасып, барлығы 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу жоспарланған. Ал бүгінгі игі іс-шараға бір мезетте еліміз бойынша мешіт имамдары, «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері мен еріктілері, дін жанашырлары, демеуші азаматтар атсалысты.
