06 қар, 2025 сағат 11:10

«Контент үшін»: Атырауда екі қыз жаяу жүргіншілер өткеліне жатып алған

Фото: Видеодан скриншот/Jagdai kz

Атырауда екі қыз «видео үшін» жаяу жүргіншілер өткеліне жатып алған деп хабарлайды Ult.kz Jagdai kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

Олар «контент үшін» бейне түсіріп, көлік қозғалысына кедергі келтірген.

Полиция олардың жеке тұлғасын анықтап, әкімшілік айыппұл салды.

Құзырлы орган мұндай «трендтердің» қауіпті екенін және қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін ескертті.