30 қаң, 2026 сағат 16:12

Қосшы қаласында сабақ үстінде 10 жастағы қыз бала көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға Ақмола облысы Қосшы қаласының қоғамдық мәдени-спорт кешенінде болған, деп хабарлайды Ult.kz.

Хореография сабағы кезінде 2015 жылғы баланың жағдайы кенеттен нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Алайда баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Өлім себебі белгісіз.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр.