Фото: Наш Костанай
Науқастың соққысынан зардап шеккен Антон Кистанов есін жиды. Жағдайы жақсарып, ол жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Дәрігер санитарлық авиациямен Астанадағы шұғыл медициналық орталыққа жеткізілген. Бас миы зақымдалып, шүйде сүйегі сынған.
Хирургке шабуыл жасаған науқас 2 айға қамауға алынды. Оған 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрі қостанайлық дәрігерге қолдау білдірді.
