Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интернетте тарап жатқан «АвтоЖол+» жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Жалған хабарламада автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігін субсидиялау, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі мен бастапқы жарнаның болмауы сияқты шарттар көрсетілген. Министрлік мұндай бағдарлама туралы ресми түрде ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Ведомство бұл ақпараттың алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін екенін ескертеді және азаматтарды сақ болуға шақырады:
-
күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
-
жеке деректеріңізді тексерілмеген сайттарға енгізбеңіз;
-
тек ресми дереккөздердегі ақпаратқа сеніңіз.
Сақ болыңыздар! Тек ресми мәліметке сеніңіздер.
