25 шіл, 2022 сағат 14:48

Құлыбаев стратегиялық нысандарды шетелге сатып жатыр – Сайыров


Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Қамқор Локоматив», «Қамқор Вагон» кәсіпорындары ресейлік бизнесменге сатылғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Тимур Құлыбаевқа тиесілі деп аталатын «Қамқор Локоматив», «Қамқор Вагон» кәсіпорындары Ресей бизнесменіне сатылды деген ақпарат шықты.

«Түйені түгімен жұтып», енді стратегиялық нысандарды шетелге сата бастады.

Бұл мәселе бойынша, яғни мәміленің заңдылығы мәселесімен құзырлы органдар айналысуы тиіс деп есептеймін», – дейді депутат.