23 там, 2022 сағат 15:50

Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды


Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Сүйінші! Ханғай жотасында, Өтүкен аймағында керемет жаңалық ашылды. 

Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Салтанатты кешенде табылған бітіктаста тарихымызға бетбұрыс жасайтын түрк және соғды жазуымен мәтіндер бар! 

Қалған жаңалықты ертең Ұланбатырдағы Баспасөз орталығында өтетін жиында жариялаймыз! Баршаға құтты болсын!" - деп жазды ол.