23 қаң, 2019 сағат 21:32

Қырғыз шекарасындағы қазақстандықтың өліміне қатысты ҚР СІМ түсініктеме берді

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстандық дипломаттар Қырғызстан тарапынан оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпаратқа ресми түрде сұрау салды. Біздің елшілік тарапынан оқиғаның барлық егжей-тегжейін анықталғаннан кейін тиісті шаралар, соның ішінде құжаттарды рәсімдеу және марқұмның денесін отанына алдыру жұмыстары жасалатын болады», - деді Айбек Смадияров.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстанның шекара және консулдық қызметтері тиісті шараларды жүргізуде.

Еске салсақ, Қырғызстан шекарасындағы атыстан бір адам мерт болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.