Фото: Видеодан кадр
Петропавлда қызғаныштан үш адамды өртеп жіберген ауыл тұрғыны 25 жылға сотталды, деп хабарлайды Ult.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Полтавка ауылында алқабилер сотының қатысуымен өткен сот 50 жастағы ауыл тұрғынын 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол қызғаныштан өзінің азаматтық әйелі мен екі ер адамды өртеп жіберген. Ал әйелдің үйдегі кішкентай қызын куәгер ауыл тұрңыны құтқарып қалған.
Сот материалы бойынша, алкогольдің әсерінде болған күдікті үйдің есігін сыртынан байлап, от жаққан. Үш адам оқиға орнында қайтыс болды. Сот оларды өлтіруге ниеттенгені және іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігін ескере отырып, 25 жылға орта қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, күдіктіге міндетті түрде алкоголизмнен медициналық көмек алу қарастырылды.
