28 нау, 2019 сағат 07:15

Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты – оқиға куәгерлерінің видеосы

27 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшыраған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Sputnik агенттігі.


Кадрларда қайғылы жайттың жолдың жанында болғаны көрінеді, өрт сөндіру қызметі, жедел жәрдем және полиция көліктері тіз қатарынан тұр.

Жолдың шетінде құлаған тікұшақ жанып жатыр.

Кеше қорғаныс министрлігі апат туралы хабарлады. Әскери ведомство мәліметіне сүйенсек, бортта 13 адам болған.

Мемлекет басшысы қаза тапқан экипаж мүшелері мен жолаушылардың отбасына көңіл айтты. Олар тікұшақпен Ақтаудан Шымкентке бара жатыпты.