01 мау, 2021 сағат 19:32

Мамай мен Иманбайға Байбекке қарсы дәлелдемелер ұсыну үшін 50 күн де жетпеді – заңгер



Алматы қаласы бойынша Сот сараптамасы институты белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайдың Бауыржан Байбекке қатысты әзірлеген видеороликтерін зерттеп-зерделеп болды.

Есте болса, бұған дейін Медеу аудандық №2 сотының судьясы Мамайдың видеоматериалдарына психологиялық-филологиялық зерттеу тағайындау туралы шешім қабылдаған еді.

Заңгер Айжан Тәшенованың айтуынша, бейнежазбалар мазмұнында Б.Байбектің жеке басы мен қызметі туралы кесімді формада айтылған жағымсыз ақпарат, сондай-ақ қолданылу астарында талап қоюшының ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту сипатындағы сөздер бар.

Еске салайық, бұған дейін 14 мамырда болған соталды дайындықта Б.Байбектің тарапы тәуелсіз сараптаманың қорытындысын ұсынған болатын. Алайда, Мамай мен оның қорғаушылары бұл құжатпен таныспай жатып, онымен келіспейтіндерін мәлімдеген. Мұнан кейін судья Райхан Сәрсенбаева сот тарапынан сараптама тағайындалатынын айтты.