Бейнеу ауылында жабайы түлкі Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің жанында екі оқушы қызды тырнап алған, деп хабарлайды Ult.kz тілшісі Jagdai kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жарақат алған 1-сынып және 9-сынып оқушыларына дереу көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді. Қыздарға екпелер жасалды, жағдайы жақсы.
Түлкі атып өлтіріліп, Ақтаудағы ветеринарлық зертханаға сараптамаға жіберілді.
