09 шіл, 2025 сағат 11:50

«Масаға қарсы торға ешқашан сенбеңіздер»: Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап кетті

Фото: Pexels.com

Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап кетті, олардың екеуі қаза тапты. Балалар әртүрлі биіктіктен – 1-ден 16-қабатқа дейін құлаған. Елордалық дәрігерлер тұрғындарға тағы да үндеу жасады, деп хабарлайды Ult.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, оқиғаның себебі көбіне бала масаға арналған торға сүйеніп, терезеден құлап кеткен. Сондықтан  тор қорғайтын құрал емес деп ескертті.

«10 және 16-қабаттан құлаған балалар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның біреуі 3 жаста, екіншісі 6 жаста болған. Тағы екеуі жедел жәрдеммен балалар стационарына жеткізілді, олардың денесінде көптеген жарақат бар. Қазіргі уақытта екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр», - делінген әкімдік ақпаратында.


Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарты жылдың ішінде 60 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. 

Олардың 9-ы жедел жәрдем келгенше көз жұмған.