02 мам, 2025 сағат 15:47

Мектептерде соңғы қоңырау қашан соғылатыны белгілі болды

Фото: Zakon.kz

Еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 млн-нан астам оқушы қорытындылайды. Оның ішінде 217 мыңнан астам түлек мектеп бітіреді, деп хабарлайды Ult.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өткізіледі. 

Ал соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектебінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.