Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа балалар құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықтарын нығайту бағытындағы жұмыстар туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ult.kz.
Қабылданған шаралар:
-
Соңғы екі жылда балалардың құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың, суицидтің алдын алу бойынша бірқатар бағдарламалар мен заңдар әзірленді.
-
Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасымен заңнамаға 120 түзету енгізілді.
Мониторинг және тексеріс нәтижелері:
-
13 өңір мен 73 елді мекенде жүргізілген мониторинг барысында 272 мекемеде балалардан жасырын сауалнама алынды, 173 отбасының жағдайы зерттелді.
-
Бала құқықтарына қатысты заң нормаларының 171 бұзылу дерегі анықталды.
Отбасылық қолдау орталықтарының рөлі:
-
Аймақтарда жұмыс істеп жатқан 112 отбасылық қолдау орталығының тиімділігі дәлелденді. Бұл орталықтар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалар құқықтарын қорғау мақсатында ашылған.
Жаңа бастамалар:
-
Облыс әкімдіктері жанынан бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқармаларды құру жұмыстары қолға алынды. Бұл басқармалардың қызметін реттейтін жаңа заң жобасы әзірленуде.
-
«Қазақстан халқына» қоры серіктестерімен бірге ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 49 оңалту орталығы ашылды.
Кездесуде талқыланған мәселелер:
-
«Қазақстан балалары» бағдарламасын әзірлеу.
-
Онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
-
Кәмелетке толмағандардың жеке мәліметтерін қорғау.
Президенттің тапсырмалары:
-
Жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік уәкілдердің күшін жұмылдырып, бала құқықтарын қорғау жүйесін нығайту.
-
Мектептерде инклюзивті білім беру ісін дамытуға бағытталған қосымша шараларды қабылдау.