Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана рақымшылыққа ілінетінін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Ең алдымен, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, яғни, баласы бар әйелдерге, егде адамдарға, кәмелет жасына толмағандарға және осы санаттағы басқа да азаматтарға кешірім беріледі.
«Жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды. Соның екі мыңнан астамы бостандыққа шығады. Қалғандарының жаза мерзімі қысқарады», - деді Президент.