Фото: ашық дереккөз
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мерзімді әскери қызметтегі азаматтарға несие беруді шектеуге қатысты қаулы жобасын әзірлеп, қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Ult.kz.
Құжатқа сай, банктер мен микроқаржы ұйымдары несие өтінімін қабылдар кезде азаматтың әскери мәртебесін міндетті түрде тексеруге тиіс.
2025 жылдың қараша айындағы дерек бойынша, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің қаржы ұйымдары алдындағы қарызы 9 млрд теңгеге жеткен. Қаулы жобасы 3 ақпанға дейін талқыланады.
