17 қаз, 2025 сағат 17:42

Мойынқұмда түнгі «аңшылық» қайғымен аяқталды: 13 жастағы бала досын абайсызда атып өлтірді

Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Күшаман ауылында қайғылы оқиға болды. Түн ішінде қоян аулауға шыққан 13 жастағы жасөспірімдердің бірі абайсызда екіншісін атып өлтірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Облыстық полиция департаменті деректі растады. Алдын ала мәліметке сүйенсек, 2012 жылы туған балалар қоян атпақ болған. Бірі жаралаған қоянға жақындап бара жатқанда, екіншісі жануарды қайтадан атпақ болып оқ шығарған. Алайда оқ қоянға емес, досына тиіп, ол оқиға орнында көз жұмды.

"Полиция күдікті баланы бөлімшеге жеткізді. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен бірге түнде кәмелетке толмаған балаларға мылтық ұстатып, аңға шығуға рұқсат берген ата-аналардың жауапкершілігі де қаралуда", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.