02 мау, 2025 сағат 16:58

Мүгедектікті белгілеу бойынша 43 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

Фото: Pexels.com

Жыл басынан бері мүгедектік тобын белгілеу бойынша 43,7 мың өтінім сырттай форматта қаралды. Бұл еліміздің барлық өңірін қамтыған пилоттық жобаның нәтижесі, деп хабарлайды Ult.kz.

Ал 2024 жылы 96,9 мың өтінім сырттай қаралып, бұл барлық куәландырылған азаматтардың 37,4%-ын құрады.

Бұл жүйенің артықшылықтары:
▫️Қағазбастылықты азайтады;
▫️Үйден шықпай-ақ қызмет алуға мүмкіндік береді;
▫️Сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетеді;
▫️Сараптамалық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. 

Сондай-ақ азаматтар емханаға тек тексерілуге барады. Қалғанының бәрі ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде өтеді.