20 сәу, 2026 сағат 15:30

Мұхтар Шахановтың Президентке жолдаған соңғы аманаты белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың өмірден өтер алдындағы соңғы тілегі жарияланды, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл хатты әлеуметтік желіде Uzhdan жобасының жетекшісі Назерке Шәкірбай бөлісті. Оның айтуынша, ақын ауыр хәлде жатқан кезде жұбайы Ханшайым Шаханова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы хат жолдаған.

Ханшайым Шаханова аталған бастама тек отбасының емес, ел ағалары мен зиялы қауым өкілдерінің ортақ өтініші екенін атап өткен. Сондай-ақ ол сөз болып отырған нысанның республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш екенін жақсы түсінетінін жеткізіп, жерлеу рәсімі мен ықтимал мемориал орнату жұмыстары қолданыстағы заңнамаға толық сай жүргізілетініне кепілдік берген.


Еске сала кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.