29 жел, 2025 сағат 10:49

Мұнайлы ауданында 1040 медицина қызметкеріне 273 млн теңге жалақы қарызы өтелді

Фото: ашық дереккөз

Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады, деп хабарлайды Ult.kz.

Тексеру барысында Мұнайлы ауданының прокуратурасы аудандық аурухананың 1040 қызметкерінің еңбек құқықтары бұзылғанын анықтады. Атап айтқанда, 2025 жылдың қазан айындағы жалақы белгіленген мерзімде төленбеген.

Прокуратура енгізген қадағалау актісінің нәтижесінде аурухана қызметкерлеріне 273 миллион теңгеден астам жалақы қарызы толық көлемде төленді. Осылайша медицина қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.